Иранның Мешһед қаласында жүрек-қан тамырлары аурулары саласындағы жабдықтар жетістіктерінің көрмесі «Caspian» кардиологтарының бесінші халықаралық конгресімен бір мезгілде басталды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, көрменің басталғаны туралы көрме жетекшісі Иман Меһраини тілшілермен сұхбатта мәлімдеді.
Аталмыш көрмені ұйымдастырушының айтуы бойынша, көрмеде жүрек саңылауларын бөгейтін құрылғы, компьютерлік томография және SPECT/CT аппараттары, рulmonary valve және Venus P-Valve клапандары, жүрек блокаторлары, медициналық бейнелеу және эхокардиография құрылғылары, ангиографияда және ультрадыбыстық зерттеулер, сондай-ақ, жүрек ауруымен ауыратын науқастарға арналған дәрі-дәрмектер ұсынылады.
Сондай-ақ, Иман Меһрайни көрмеге балалар мен ересек адамдардың жүрек аурулары, жүрек жеткіліксіздігі және т.б. тақырыптарға арналған 50-ден астам кітап қойылғанын атап өтті.
Оның айтуынша, кардиология саласындағы жабдықтар жетістіктері көрмесіндегі стендтерде жүрек және нерв жүйесі науқастарына арналған қан ұйығыштарына қарсы «Плавикс» препараттары мен көпшілігі Иранда шығарылатын антибиотиктердің түрлері де ұсынылған.
Көрме жетекшісі сөзінің жалғасында: «Бұл мамандандырылған көрме 11-14 сәуір аралығында Иран уақытымен таңғы сағат 08.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін «Ширин мен Фархад» залында төрт күн бойы өтеді. Көрмеде 20 стенд қойылған»,- деді.
IRNA агенттігінің мәліметінше, туа біткен жүрек ақауы, ауытқулар және жүрек клапандарын инвазивті әдістермен емдеуге арналған бесінші халықаралық конгрес Caspian Дүниежүзілік жүрек қорының қолдауы және Мешһед медицина ғылымдары университеті мен «Астан-е Құдс Разави» қорының бірлесіп ұйымдастыруымен 11-14 сәуір аралығында Мешһед медицина ғылымдары университетінің «Шаһидтер денсаулығы» халықаралық конференция орталығында өтуде.
Caspian Дүниежүзілік жүрек қоры қайырымдылық қорлармен бірлесе, туа біткен жүрек ақауы бар барлық науқастың, әсіресе қоғамдағы аз қамтылған әлеуметтік топтардың мәселелерін шешуде айтарлықтай көмек көрсетуде.
Қор өкілдіктері Иран мен Мешһедтен басқа Франкфуртта, Германияда, Лондонда, Англияда, Бангкокта, Таиландта, Сан-Францискода, Ақш-та, Каирде, Мысырда және Намибияда белсенді жұмыс істейді.











