Ресей мен Тәжікстан әскери күштерінің бірлескен жаттығулары Тәжікстанның Хатлон облысындағы «Харб-Майдон» таулы-шөлді полигонында өтіп жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, оқу-жаттығуға Орталық әскери округтің 201-ші Ресей әскери базасының бөлімдері қатысуда. Сонымен қатар, тау атқыштары, танк экипаждары, артиллерияшылар және барлаушылармен қатар химиялық, радиациялық және биологиялық қорғаныс саласындағы кәсіби мамандар, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен электронды соғыстың мобильді топтары да тартылған.
Іс–шараның мақсаты лаңкестік топтармен күресудің стратегияларын дайындау және шекараны қорғау барысында әскери бөлімдерді басқару жүйесін арттыру болып табылады.
Ресей мен Тәжікстан әскери күштерінің бірлескен оқу-жаттығулар бүгін, 18 сәуір күні аяқталады.
ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов наурыз айының соңында ұйымның 2024 жылға жоспарланған жеті әскери оқу-жаттығу өткізетіні туралы мәлімдеді. Олар Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан аумағында өтеді.



















