Бүгін, 18 сәуірде Иран Мәскеуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің білім және ғылым саласындағы жоғары лауазымды тұлғаларының сегізінші кездесуіне қатысты.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, биыл Ресейдің төрағалығымен өткен ШЫҰ мүше елдердің ғылым министрлерінің сегізінші кездесуіне Иран Ислам Республикасы алғаш рет толыққанды мүше ретінде қатысты.
Кездесуге Иран атынан Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Казим Джалали қатысып, баяндама жасады. Елші Иранның ШЫҰ-ға толыққанды мүше ретінде қосылғанына тоқталып, ұйымға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі білім беру саласы екенін атап өтті.
Джалали сөзінің жалғасында білім беру кез келген елдің дамуының негізі болып табылатынын және бұл бағытта Иран Ислам Республикасының ұзақ тарихы мен тәжірибесі бар екенін айтты.
Иранның Мәскеудегі елшісі сөзінің бір бөлігінде: «Біздің еліміз барлық санкциялар мен кейбір державалардың әділетсіз қысымына қарамастан, ғылыми-зерттеу және жоғары білім беру саласында үлкен істер атқарып келеді», — деді.
Джалали қазіргі уақытта Иран көптеген ғылыми және зерттеу көрсеткіштері, соның ішінде технология мен энергетика бойынша Батыс Азия аймағында бірінші орында тұрғанын атап өтті.
Елші Иранның ШЫҰ-ға мүше елдермен білім беру саласындағы жетістіктері және тәжірибелерімен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді.


















