Бішкекте ТМД, Балтық жағалауы және Грузия елдерінің XII халықаралық кинофестивалі басталды.
Еуразия Тудейдің Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, кинофестивальдің ашылу салтанаты «Манас» кинотеатрында өтті.
Кинотеатрда іріктеліп алынған қысқаметражды фильмдердің көрсетілімі 26 сәуірге дейін жалғасады. Кинофестивальге жалпы саны 800-ден астам өтінім түскен.
Биылғы жылы фестиваль Қырғыз КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қырғыз Республикасының Халық әртісі, жоғары санатты анимациялық фильмдердің режиссері Сагынбек Ишеновтың 90 жылдығына арналған.
ТМД, Балтық және Грузия елдерінің қысқаметражды фильмдерінің халықаралық кинофестивалі мәдени диалогты дамыту, өзіндік ерекшелігін сақтау және дәстүрлі мәдени құндылықтарды өрістету мақсатында 2010 жылы құрылған.



















