Жүздеген полиция Газа халқына қолдау білдірген студенттер шерулерін тоқтату үшін Колумбия университетін қоршауға алды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Нью-Йорк мэрінің Колумбия университеті студенттерінің жиынын тоқтату жөніндегі мәлімдемесінен кейін осы университет пен оның маңайына жүздеген полиция күштері орналастырылды.
Сонымен қатар Колумбия университетіне баратын негізгі көшелердің бірі жабылды.
Бродвейдегі Колумбия университетінің кампусын қоршауға алған жүздеген полиция Нью-Йорк Полиция департаментінің стратегиялық әрекет ету тобының мүшелері болып табылады.
CNN телеарнасының мәліметінше, Нью-Йорк полициясы Колумбия университетінің ғимаратына кіргеннен кейін Палестинаға қолдау білдірген ондаған студентті тұтқындаған.
Осылайша, АҚШ полициясы студенттер шеруін тоқтату үшін Палестинаға қолдау білдірген шерушілер басып алған Нью-Йорктегі Колумбия университеті ғимараттарының біріне шабуыл жасады.
Сейсенбі күні Колумбия университетінің студенттері университет әкімшілігі енгізген шектеулерден кейін университет кампусындағы ғимаратты басып алған болатын.
Студенттік наразылық топтарының бірі Гамильтон Холлды басып алғанын және Колумбия олардың «инвестицияларды тоқтату, ашық қаржылық және рақымшылық жасау» сынды талаптарына жауап бергенге дейін ғимаратта қалуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Мәлімдемеде: «Өз университетімізді қайтарып алу- оның ережелерге де, этикалық нормаларға да бағынбайтын оқу орнына жалғыз және түпкілікті жауап, сондықтан біз Газадағы ынтымақтастық шеруін бастадық» делінген.
Наразылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі Махмуд Халил CNN телеарнасына сейсенбі күні Колумбия университетінің кампусынан кеткеннен кейін артынша бірден жұмыстан шеттету туралы хабарлама алғанын айтты.
Махмуд Халил «Жағдайдың қалай болатыны университетке байланысты. Университет келіссөздер үстеліне оралуға жауапты» деді.
Палестинаны қолдап наразылық білдірген Колумбия университетіндегі студенттік топтардың басты талаптарының бірі- университеттің Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан пайда көретін компаниялардан инвестициялық қаражатты алып тастауы болды.
Колумбия университеті дүйсенбі күні мәлімдеме жасап, наразылық білдірушілер мен университет басшылары арасындағы келіссөздер өткен аптадан бері жалғасып келе жатқанымен келісімге келе алмағандықтарын жеткізді.
АҚШ демократиялық партиясының 21 өкілі дүйсенбі күні Колумбия университетінің қамқоршылар кеңесіне хат жолдап: «Университет шешімді әрекет етіп, лагерьді таратып, барлық студенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уақыт келді» деп жазды.
Бүгінде Колумбия университеті, «Газа халқымен ынтымақтастық» қозғалысының орталығына айналды.
CNN телеарнасының мәліметінше, Колумбия университетінің капиталы 13,6 миллиард долларды құрайды және оны университетке тиесілі инвестициялық компания басқарады. Наразылық білдіруші топ инвестициялық компания Израильдің апартеидті, геноциді және Палестинаны басып алуынан пайда көретінін алға тартуда.
Мұндай талаптар бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Колумбия университеті 1968 жылы студенттердің азаматтық құқықтары мен Вьетнамдағы соғысқа қарсы наразылықтарын басып алғандардың бірі болды.
Университет студенттерінің Колумбияға инвестиция салуға қатысты наразылық білдірген кездері де болған.
Бұл ретте, 2000 жылы университет студенттерден, оқытушылардан және түлектерден тұратын әлеуметтік жауапты инвестициялар бойынша консультативтік комитет құрды.
1980 жылдары Колумбия студенттер тобы апартеидтің нәсілдік сегрегация саясатына байланысты Оңтүстік Африкада бизнес жүргізетін компаниялармен университеттің қаржылық байланыстарын үзуін талап етті.
Колумбия университетінің наразылығын басқаратын топ желтоқсан айында комитетке Израильге қатысты инвестицияларды тоқтату туралы ресми ұсыныс жасады, бірақ ол сәтті болмады. Осы университеттің бакалавриат мамандығының студенттері өткен аптада инвестицияны тоқтату туралы ұсынысты қолдап дауыс берді. Студенттер университеттің бұл ұсынысты қабылдауы үшін күш салуда.
Қазіргі уақытта Колумбия университеті темекі, жеке қамауға алу операциялары, көмір, Судан және қазба отындары сияқты бес салаға инвестиция салудан бас тартты. Бұл шешімдер соңғы онжылдықта қабылданды. Дегенмен бұл университеттің осы салаларда инвестиция салуын тоқтатудағы тарихы тереңде жатыр.

















