Хамас: «Блинкен жалған айтады. Израиль атысты тоқтату жобасын қабылдамады», — деп мәлімдеме жасады.
Еуразия Тудейдің Тасним ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Хамас қозғалысы мәлімдеме жасап, Американың Израиль режимінің атысты тоқтату жоспарын қабылдағаны туралы мәлімдемесінің шындыққа жанаспайтынын, осы уақытқа дейін бұл тұрғысында басқыншы режим билігі тарапынан ешқандай ұстаным білдірілмегенін айтты.
Хамас қозғалысы мәлімдемесінде әрқашан соғысты тоқтату және тұтқындармен алмасуды сұрап, Джо Байденнің жоспары мен Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын айқын құптағанын баса айтып: «Дегенмен, Американың мәлімдемесіне қайшы, Израиль режимі бұл жоспарлардың ешқайсысын қабылдамады», — деді.
Хамас АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Тель-Авив режимінің келісіміне қатысты мәлімдемесін Вашингтонның басқыншы режимнің қылмыстарымен бірлесуі, осы режимді бүркемелеуі және саяси қолдауы деп атады.
Хамас сонымен бірге әзірге Израиль билігі Джо Байденнің атысты тоқтату жоспарын мақұлдағанына қатысты ешқандай ұстаным білдірмегенін атап өтті.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен кеше Катар премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Танимен өткізген баспасөз мәслихатында: «Хамас бір сөзбен «иә» деп жауап бере алар еді. Оның орнына Хамас екі аптаға жуық сабыр сақтап, содан кейін кейбір өзгерістер бұрын қабылданған позициялардан да асып түсетін қосымша өзгерістерді ұсынды», — деді.












