Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Қалибаф Иран мен Беларусьтің сауда саласында жақсы мүмкіндіктерге ие екенін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Беларусь Өкілдер палатасының төрағасы Игорь Сергеенко мен Иран Ислам Мәжілісінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф Санкт-Петербургте Х БРИКС Парламенттік форумы аясында кездесті.
Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Қалибаф кездесуде Иран мен Беларусьтің көзқарастары мен перспективаларын бір-біріне жақын деп сипаттап, екі елдің халықаралық мәселелер мен екіжақты қарым-қатынас деңгейінде сауда саласында жақсы мүмкіндіктерге ие екенін айтты.
Ол Парламенттер мен Үкіметтер бизнес мәселелерін дамыту үшін жұмыс істеуі керектігіне тоқталып: «Парламенттер заң қабылдау арқылы экономикалық қарым-қатынастың дамуына ықпал ете алады» деді.
Белта сайтындағы мәліметке сәйкес, Игорь Сергеенко маңызды элементтері БРИКС пен ШЫҰ болып табылатын халықаралық қатынастардың жаңа архитектурасын құру мәселесіне Беларусь пен Иран көзқарастарының сәйкестігін атап өтті.
Тараптар Беларусь пен Иран арасындағы саяси қарым-қатынастардың жоғары деңгейін, сондай-ақ, сауда-экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын қуаттады.
Парламенттер арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі де баса айтылды. Биліктің заң шығарушы тармақтары арасындағы диалог екіжақты қарым-қатынасты стратегиялық әріптестік деңгейіне шығарудағы өзара мүдделерге толық жауап береді.
Парламенттік ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарының қатарында Өкілдер палатасының төрағасы екіжақты шарттық-құқықтық базаны дамытуға ықпал ететін заңнамалық салада тәжірибе алмасуды атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Мохаммад Бақыр Қалибаф шілденің 10 күні БРИКС елдері парламенттері басшыларының отырысына қатысу үшін елінің парламенттік делегациясын бастап, осы кездесу өтетін Ресейдің Санкт-Петербург қаласына келген болатын.
Бұл Иран осы маңызды ұйымға ресми мүше болғаннан кейін жоғары лауазымды ирандық басшының БРИКС-тің қоғамдық жиынына бірінші рет қатысуы.
















