Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми Газаға көмек ретінде Лондон 7 миллион доллар бөлетінін хабарлады.
Еуразия Тудейдің Меһр агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ұлыбританияның жаңа Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми бұл туралы Израиль және Палестинаның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездескеннен айтып, Газада тез арада атысты тоқтатуға шақырды.
Англияда Лейбористер партиясының билікке келіп, үкіметті өз қолына алуына байланысты Лондонның Тель-Авивті қолдаудағы ұстанымы өзгермегенімен, бұл партияның жоғары лауазымды тұлғалары Батыстың Палестинада геноцидті қолдағанына байланысты өз беделін қалпына келтіру үшін Газадағы соғыс мәселесін бейбіт жолмен шешуге ұмтылуда.
Осыны негізге ала отырып, Англияның жаңа Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху және Палестина автономия ұйымының сыртқы саясат бөлімінің басшысы Мұхаммад Мұстафамен жеке-жеке кездескеннен кейін Газада атысты тоқтату келісімін орнату қажеттігін тағы баса айтты.
Бұл туралы Лэмми X әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында былай деп жазды: «Біздің жолдауымыз айқын. Бізге қазір тез арада атысты тоқтатып, тараптар арасында тұтқындармен алмасу керек. Бұл бейбіт тұрғындарды қорғауды, Газаға гуманитарлық көмекті шектеусіз жеткізуді және екі мемлекеттік шешімге жеткізетін жолды қамтуы керек».
Лейбористік партияның жоғары лауазымды тұлғалары Британ парламенті сайлауының науқандарында егер осы партия сайлауда жеңіске жетсе, Газадағы соғыс пен Израиль-Палестина қақтығысын тоқтату үшін кесімді қатынас ұстанатындарына уәде берген болатын.
Бұл мұның алдында Джереми Корбиннің Лейбористік партия басшылығынан кетуіне себеп болған мықты израильдік лоббидің болуына байланысты жүзеге асуы екіталай тақырып.












