Иран Ислам Республикасының Қытайдағы елшісі Сиань транзиттік пойызының Иран шекарасынан өтетінін хабарлады.
Еуразия Тудейдің ISNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасының Қытайдағы елшісі Мохсен Бахтияр бұл жөнінде X әлеуметтік желісінде жазды.
Мохсен Бахтияр Иран Ислам Республикасы елшілігінің Қытай тауарларын Батыс Азия мен Еуропаға тасымалдаудағы транзиттік жағдайын нығайту жөніндегі күш-жігерінің нәтижесінде Сиань пойызының Тегеранға ресми түрде аттанғанын мәлімдеді. Елшінің айтуы бойынша, транзиттік пойыз Қазақстан мен Түркіменстанды кесіп өтіп, 10 күн ішінде Инче-Борун шекарасы арқылы Иранға кіреді.
Инче-Борун аймағы арқылы өтетін Солтүстік-Оңтүстік дәлізі – Иранды Еуразиямен, Орталық Азиямен және Қытаймен байланыстыратын маңызды бағыт.
Инче-Борун Иран экономикасы және Иранның Түркіменстан мен Орталық Азияның басқа елдерімен байланыстарын тереңдету үшін бірегей әлеуетті білдіреді.
Иранның Инче-Борун қаласы Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол дәлізінің бойында орналасқан.



















