Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Кани: «Біз Қытай, Ресей және көршілес елдермен қарым-қатынасымызды көбірек нығайтуға ниеттіміз», — деді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Әли Бақери Кани Newsweek газетіне берген сұхбатында елінің сыртқы саясатына тоқталып: «Иран ядролық келісімге өзара қатысуды қалпына келтіру үшін АҚШ-пен келіссөздерді қайта бастауды құптайды. Бірақ біз Қытай, Ресей және көршілес елдермен қарым-қатынасымызды көбірек нығайтуға ниеттіміз», — деді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке сапармен барған ол сионистік режимге қарсы көбірек шара қолдануды, соның ішінде күш қолдану мүмкіндігін талап ететінін айтты.
Бақери осы сұхбатында сионистік режимнің аймақта қарсыласу қозғалысымен соғыста жеңіліп жатқанын баса айтты.
Әли Бақери: «Соңғы жылдары біржақтылықтың әлемдегі мәселелердің шешімі бола алмайтыны әртүрлі жағдайлар мен мәселелерде дәлелденді. Бұл шешім ғана емес, сонымен бірге жер шарының әр түкпірінде тұратын, даму, тыныштық, тұрақтылық пен өркендеуді қажет ететін халықтар үшін кедергі.
Мысалы, бірнеше жыл бұрын өте шиеленісті келіссөздер кезінде Иран мен басқа елдер 2015 жылы «Ортақ қадам» жан-жақты келісімі деп аталатын келісімге келді. Бірақ Американы еш қисынсыз осы халықаралық келісімнен шығуға мәжбүрлеген біржақтылық болды. Осы біржақтылық бұл маңызды мәселеде тығырық қалыптастырды», — деді.
15 шілдеде Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Нью-Йоркке ресми сапармен барды.
Бақери Нью-Йоркте 16-17 шілде күндері өтіп жатқан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Палестина мәселесіне арналған отырысы мен көпжақтылық саммитіне қатысуда.
















