лагеріндегі Қырғыз Республикасының азаматтарын отанына қайтару бойынша кезекті «Айкөл-6» гуманитарлық миссиясы бүгін, 2024 жылдың 19 шілдесінде жүзеге асырылды.
Еуразия Тудейдің Қырғыз Республикасы СІМ-не сілтеме жасап хабарлауы бойынша гуманитарлық миссия нәтижесінде 8 әйел және кәмелетке толмаған 14 жастан тұратын Қырғыз Республикасының 22 азаматы үйлеріне аман-есен оралды.
Бұл гуманитарлық миссия Мемлекет басшысы мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетінің Қырғыз Республикасы азаматтарын туған жеріне тез оралту жөніндегі міндеттеріне сәйкес және Америка Құрама Штаттары Үкіметінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылып, жүзеге асырылды.
Қырғыз тарапы америкалық тарапқа, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорына (ЮНИСЕФ) және басқа да халықаралық серіктестерге Сириядағы арнайы лагерьлерде ұсталған Қырғыз Республикасының азаматтарын отандарына қайтару бойынша арнайы операцияны өткізуге көп көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.













