Израиль әуе күштерінің Ливанның оңтүстігіндегі шекаралық аймаққа жасаған әуе шаубылынан бес адам қаза тауып, тағы 18 адам жараланды.
Еуразия Тудейдің Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Израильдің Ливанның оңтүстігіндегі Сафад, Чакра және Маждал-Селм ауылдарына жасаған әуе шабуылынан жеті үй толығымен қирап, 25 үй бүлінді.
Сонымен қатар әуе шабуылы кезінде Ливандағы «Хезболла» қозғалысының командирі Хабиб Маатук қаза тапты.
Дереккөздердің мәліметінше, Израиль әуе күштерінің үш қабатты үйге жасаған соққысынан Хабиб Маатукпен бірге тағы төрт адам көз жұмды.
Хабиб Маатук сәуір айында Ливанның «Хезболла» тобының «Радван» арнайы бөлімшесінің басшысы қаза тапқаннан кейін бөлімшеге келген болатын.



















