АҚШ-тың бұрынғы президенті санкциялар саясатының Иранға әсері туралы мәлімдемелерін тағы қайталады.
Еуразия Тудейдің The Times басылымына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, АҚШ-тың бұрынғы президенті және алдағы сайлаудағы президенттікке үміткер Дональд Трамп cайлауда оның кандидатурасын ресми түрде ұсынған Республикалық ұлттық конвенцияда сөйлеген сөзінде, егер президент болғанда 7 қазандағы ХАМАС-тың Израильге қарсы шабуылы болмайтынын мәлімдеді. Трамп Джо Байден әкімшілігінің саясатын сынға алып: «Мен егер президент болсам, қазіргі әкімшіліктің барлық халықаралық дағдарыстарын, соның ішінде Ресей мен Украина арасындағы жан түршігерлік соғыс пен Израиль соғысын тоқтатар едім», — деп мәлімдеді.
Трамп өзінің президенттік кезінде Иранға қарсы максималды қысым науқаны саясатының тиімді болғанын қайталап, Иранның сол кезде ақшасының болмағанын, ал қазір Иранның 250 миллиард доллары барын және мұның бәрін соңғы екі жарым жылда орын алғанын тілге тиек етті.
Дональд Трамп 2016 жылы президенттік сайлау алдындағы бір сөзінде Иранмен жасалған ядролық келісімді «апат» деп атап, келісімнің Иранға ядролық қаруларын сақтауға мүмкіндік беретінін айтқан болатын.
Ол Президент болып сайланғаннан кейін де осы пікірін бірнеше рет қайталады.
АҚШ 2018 жылы Иранның ядролық келісімінен шықты. Сол жылдары Дональд Трамп келісімнен шығып қана қоймай, Иранға қатысты ең қатаң санкцияларды қабылдады.

















