Түркістанда «Ш» есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталды.
Еуразия Тудейдің Түркістан облысы прокуратурасының мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Ш» есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталды.
Осы мәліметке сәйкес, «Ш» есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды.
Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.












