Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров ертең, 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасына жұмыс сапарымен келеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиев мәлімдеді.
Қырғыз Республикасының Мемлекет басшысы сапар аясында Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералды канцлерінің екінші кездесуіне қатысады.
Тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Орталық Азия өңірі мен Германия Федеративті Республикасы арасындағы өзара қызығушылық тудыратын барлық саладағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар, Президент Садыр Жапаров Орталық Азия елдері президенттерінің неміс кәсіпкерлерімен кездесуіне қатысып, неміс бизнес қауымдастығымен жеке кездесу өткізеді. Сондай-ақ, Германия Федералды канцлері Олаф Шольцпен екіжақты келіссөздер жүргізеді.
















