Ливандағы Хезболла қозғалысының Бас хатшысы Хасан Насралланы жерлеу рәсімі бүгін, жұма күні өтеді.
Еуразия Тудейдің Sabereen News Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Сейед Хасан Насралланы жерлеу рәсімі бүгін, қазанның 4 күні өтеді.
Алайда, Sabereen News Telegram арнасының мәліметінде Хезболла қозғалысының Бас хатшысы Хасан Насралланы жерлеу рәсімінің орны мен уақыты көрсетілмеген.
Бірқатар БАҚ Хезболла басшысының жерлеу рәсімі қай жерде өтетіні туралы болжамдар жазды. Ливанның LBC торабы рәсім Бейруттың оңтүстік шетінде немесе Бекаа алқабында өтеді деп болжайды.
Сондай-ақ, Хезболла Хасан Насралланың денесін шетелге апаруы мүмкін деген болжам да бар. Оның ықтимал жері Ирактағы шейіттердің қасиетті қаласы Кербала болуы мүмкін. Себебі, жексенбі күні Ирак Премьер-министрі Мұхаммед Шиа ас-Суданидің кеңесшісі Абдул Әмір Тайбан Х әлеуметтік желісінде Насралланың Иракта Имам Хусейннің қабірінің жанына жерленетінін жазған болатын.
Еске сала кетейік, Ливандағы Хезболла қозғалысының Бас хатшысы Хасан Насралла 27 қыркүйек күні Бейруттің оңтүстігіндегі Дахие қаласындағы Хезболланың штаб пәтеріне жасалған шабуыл кезінде қаза тапты. Насралламен бірге шабуыл кезінде Ислам революциясы Сақшылакорпусы қолбасшысының орынбасары генерал-майор Аббас Нилфорушан да қаза тапты. Насралла Хезболла тобын 32 жыл бойы басқарды. Хасан Насралла 64 жаста болған.












