Дүниежүзілік Исламдық ояну ассамблеясының бас хатшысы Али Акбар Велаяти Еуропалық Одақ пен Ұлыбританияның жаңа санкцияларын айыптап, үш аралдың Иранның иелігінде екенін қуаттады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иранның діни жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Велаяти Еуропа Одағы мен Парсы шығанағы Ынтымақтастық кеңесінің мәлімдемесін айыптап, айыптауларды негізсіз деп атап, үш аралдың Иранның иелігінде екенін қуаттап: «Иранның үш аралы – Ислам мемлекеті аумағының ажырамас бөлігі. Иран Ислам Республикасы ешбір шетелдік тараптың ішкі істеріне араласуына жол бермейді», -деді.
Велаяти өз мәлімдемесінде: «Мен Иран Ислам Республикасының үш аралдың заңды иесі ретінде ұлттық және аймақтық мүдделерге қол сұғушылардың әрекеттерін жіті қадағалап отырғанын және оларға лайықты жауап беретінін, аумағымызға қарсы кез келген агрессияға тиісті жауап беретінін баса айтуға тиіспін»,- деді.
Үш арал – Үлкен Томб, Кіші Томб және Абу Мұса – Парсы шығанағындағы Ормұз бұғазының жанында орналасқан. Сенімді тарихи құжаттарға сәйкес, олар Хақаманеши дәуірінен бастап Иран билігіне қарап, Иран жерінің ажырамас бөлігі болып табылады.












