Қазақстандағы Al Hilal Ислам банкінің акционері Абу-Даби Коммерциялық Банкі (ADCB) атауын «Ислам банкі» ADCB» деп өзгертті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Қаржылық есеп депозитарийінің сайтында жарияланды.
Айта кетейік, атауын өзгерту туралы шешім Al Hilal-дың құрамына кірген банк бұдан былай ADCB тобының тікелей бақылауына өткендіктен қабылданды.
Банктің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ – 2010 жылы Қазақстан Республикасы мен БАӘ Үкіметтерінің келісімімен Шариғат ережелері мен қағидаттарына сай инновациялық банктік өнімдер мен қызметтер ұсыну мақсатында құрылған Қазақстан және ТМД-дағы алғашқы ислам банкі.












