Амстердам полициясы Палестинаны қолдайтын 50 белсендінің қамауға алынғанын және Палестинаны азат ету үшін бейбіт шеру өткізген 340 адамның қаладан шығарылғанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Нидерланд полициясы бұл әрекеттерін қалада шеру өткізуге шектеулер енгізілгенімен түсіндірді.
Нидерланд полициясы 10 қараша күні Палестинаны қолдап, шеруге шыққан 300-ден астам шерушінің наразылық алаңынан қуылғанын және 50 адамның ұсталғанын мәлімдеді.
Нидерланды астанасы Амстердамдағы шеру кезінде наразылық білдіруші жүздеген белсенді Дам алаңына жиналып, «Палестинаға бостандық!» және «Амстердам геноцидке қарсы!» сынды ұрандармен шеру өткізді.
Оқиға орнында болған Reuters ақпарат агенттігінің тілшісінің айтуынша, кейбір наразылар шеру өткен жерден күштеп шығарылған.
Полиция наразылық білдірушілерге күш қолданып, оларды жерде сүйреп шығарған.















