Иран мен Мысыр Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбатта елдерінің Сирия Үкіметін лаңкестермен күресте қолдауды жалғастыратынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Тасним агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иран СІМ Аббас Арақчи мысырлық әріптесі Бадр Абделлатимен сұхбатта Сирияда лаңкестік топтардың белсенді әрекетке көшкенін тілге тиек етіп, осы қатермен қарсыласуда аймақтағы ықпалды елдер арасында талпыныстар мен кеңесуді жалғастыру қажеттігін баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мен Мысыр араб республикасының Сыртқы істер министрі Бадр Абделлати телефон арқылы байланыста Сирия өзгерістеріне баса назар аударып, аймақтағы оқиғалар жайында кеңесіп, пікір алмасты.
Арақчи жуырдағы Дамаск пен Анкараға жасаған сапарлары барысында Сирия мен Түркия басшыларымен жүргізген сұхбаттарының нәтижелеріне тоқталып, Иран Ислам Республикасының Сирия Үкіметі мен әскері және халқын лаңкестік топтармен күресте қолдаудағы тұрақты саясатын қуаттады.
Арақчи сонымен қатар Сирияда лаңкестік топтардың қайтадан белсенді әрекетке көшкені мен оның аймақта таралуын аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығы және қауіпсіздігі үшін шынайы қатер деп атап, осы қатермен қарсыласу үшін аймақтағы ықпалды елдер арасындағы дипломатиялық кеңесулер мен талпыныстарды қажеттілік деп атады.
Мысыр Сыртқы істер министрі Бадр Абделлати де соңғы күндердегі бірқатар елдің Сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы байланысқанына сілтеме жасап, елінің Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығы және заңды органдарын қолдаудағы саясатын баса айтты.
Тараптар байланысып, кеңесуді жалғастыруға келісті.















