Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Астана отырысында Сирия Үкіметі мен заңды оппозициялық топтар арасында саяси келіссөздер бастау сұралғанын айтты.
Еуразия Тудейдің Тасним ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Қатар астанасы Дохада Астана отырысы аяқталған соң тілшілерге берген сұхбатта: «Біз Иран, Ресей және Түркия Сыртқы істер министрлері арасында Астана тобының жақсы отырысын өткіздік. Отырыстың соңында бізге БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Гейр Педерсен да қосылды.
Келіссөздің тақырыбы Сириядағы ағымдағы өте қауіпті жағдай болды. Барлық қатысушылар қақтығыстар дереу тоқтатылып, Сирияның аумақтық тұтастығы мен егемендігі құрметті саналып, БҰҰ-ның қарарына жүгіну керек деген ортақ пікір ұстанды.
Бәрінен маңыздысы, Сирия Үкіметі мен наразы топтар арасында саяси келіссөздер басталады. Бұл отырыстың талабы болды. Біз Сирия Үкіметімен де бұл тұрғысында кеңесетін болдық. Ресей де Сирия Үкіметімен кеңеседі», — деді.












