Бүгін, 12 желтоқсанда Мәскеуде ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді.
Еуразия Тудейдің ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, кездесудің басында Үкімет басшылары дәстүрлі түрде ТМД-дағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады.
Отырыс барысында азаматтық кеме жасауды дамыту және кеме құрамдас бөліктерін өндірісі, пенитенциарлық қызмет үшін мамандарды даярлау, жер асты суларын зерттеу, пайдалану, қорғау және мониторингі саласындағы, гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа қатысты мемлекетаралық келісімдер туралы, сондай-ақ ТМД органдарының қызметін қаржылай қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар құжатпен танысып, қол қою жоспарлануда.
Сондай-ақ, кездесуде ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысының өтетін күні мен орны анықталады.



















