Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) мәлімдеме жасап, Иракта өткен араб елдері Денсаулық сақтау министрлері Кеңесінің 61-ші отырысын Газа секторындағы ауруханаларды құтқару туралы жедел шешім қабылдауға шақырды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, ХАМАС бұл мәлімдемеде барлық қажетті тәжірибесі мен күші бар далалық ауруханаларды Газа секторына көшіру мақсатында сионистік режимге қысым жасау үшін әртүрлі әдіс қолдануға шақырады.
Сонымен қатар ХАМАС араб елдерінің Денсаулық сақтау министрлерін бірлесіп жұмыс істеуге және шұғыл әрекет етуде барлық мүмкіндіктерін, әсіресе жараланған және қауіпті ауруларға шалдыққан науқастардың өмірлерін сақтап қалу үшін шетелге шығуға мүмкіндік беруге шақырды.




















