Иран СІМ ақпарат хатшысы Исмаил Бақайи Америка әуе күштерінің Йеменнің Сана қаласындағы нысандарға жасаған шабуылдарын қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран СІМ баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи Американың Йеменнің Сана қаласындағы нысандарға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады.
Иран СІМ баспасөз хатшысы Американың Йеменге жасаған басқыншылық және қайталанған шабуылдарын халықаралық заңдар мен нормаларды және БҰҰ-ның Жарғысын ғана бұзу емес, сонымен қатар халықаралық адам құқығы қағидаттары мен нормаларын бұзу және соғыс қылмысының айқын мысалы деп атады.
Бақайи Йемен халқының Палестина халқын басқыншылық пен геноцидтен қолдаудағы шарапатты ынтымақтастығын мадақтап, Ислам әлемі мен аймақ мемлекеттерін және БҰҰ Америка, Ұлыбритания және сионистік режимнің Йеменге қарсы агрессиялық әрекеттеріне шынайы шара қолдануды сұрады.
АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) Х сайтында жарияланған мәлімдемесіне сәйкес, АҚШ Әуе күштері сенбі күні таңертең Санаға хусилердің зымыран қоймасы мен басқару орталығына әуеден шабуыл жасады.
SABA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-Ұлыбритания коалициясының ұшақтары кеше желтоқсанның 22 күні Қызыл теңіз жағалауындағы Худейда қаласына да әуеден соққы жасады.












