Иранның діни жетекшісі аятолла Әли Хаменеи Сирияда күшті және лайықты топтың пайда болатыны туралы айтты.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ислам пайғамбарының сүйікті қызы хазірет Фатима Заһраның (ғ.с.), сондай-ақ имам Хомейнидің туған күні дәстүр бойынша адамдардың үлкен тобы революция жетекшісімен кездесті.
Бұл рәсімде Әли Хаменеи сөз сөйледі. Иранның діни жетекшісінің сөйлеген сөзі төмендегідей:
“Американың басқа елдерге қатысты стратегиясы «диктаторлық бақылау орнату» немесе «дүрбелең мен бейберекеттік тудыру» деген екі бағыттың бірінде қала береді.
Сирияда дүрбелең тудырған олар қазір өздерін жеңімпаз санайды.
Америкалық бір жауапты тұлғаның Иранда бейберекеттік тудыратын кез келген адамға қолдау көрсететіні туралы жасырын тақырыптағы сөздері дұшпандардың әсірелеуінің мысалы. Ақымақтар кәуаптың иісін сезген сияқты.
Олар үнемі Ислам Республикасы өзінің аумақтағы күшінен айырылды деп айтады. Бұл тағы бір қателік! Ислам Республикасында прокси-күш жоқ.
Йемен соғысады, өйткені оның сенімі бар. Хезболла соғысады, өйткені ол сенім күшімен қозғалады. ХАМАС пен Джиһад соғысады, өйткені олар өз сенімдерімен қозғалады. Олар біздің делдалдарымыз емес.
Егер біз әрекет еткіміз келсе, бізге прокси күш қажет емес.
Мен Сирияда да күшті және лайықты топ пайда болады деп болжаймын.
Сириялық жастардың жоғалтатын ештеңесі жоқ. Олардың университеті қауіпсіз емес, мектебі қауіпсіз емес, үйі қауіпсіз емес, көшесі қауіпсіз емес, өмірі қауіпсіз емес. Олар не істеуі керек? Олар осы қауіпті тудыратындар мен оны жүзеге асыратындарға қарсы тұруы керек. Олар жеңіске жетеді.
Aлланың қалауымен аймақтың болашағы бүгінгіден де жақсы болады.
Сионистік режим жеңіске жеткендей кейіп танытып, жеңімпаздар кейпіне еніп, сөйлейді. Бұл асыра сілтеу, мақтану.
Байғұстар, қай жерде жеңіске жеттіңіздер? Қырық мың әйел мен баланы бомбамен өлтіріп, соғыстың басында жариялаған мақсаттарыңыздың біріне де жете алмағандарыңыз жеңіс пе? ХАМАС тобын жойып, Газа секторындағы тұтқындарыңызды босаттыңыздар ма?
Сіздер Хезболланы жойғыларыңыз келетінін айтып, Сейед Хасан Насролла сияқты адамды өлтірдіңіздер. Бұнымен сіздер Хезболланы жоя алдыңыздар ма? Хезболла тірі, Палестина қарсыласуы тірі, ХАМАС тірі, жиһад тірі, сіздер жеңімпаз емессіздер, керісінше жеңілдіңіздер.
Сирияда сіздердің алдарыңызда бәрі ашық болды. Қару ұстанған бірде-бір жауынгер болған жоқ. Сіздердің танктермен және әскери техникамен алға жылжитын мүмкіндіктеріңіз болды. Бұл кедергісіз қозғалыс жеңіс емес. Себебі, сіздердің алдарыңызда ешқандай кедергі болған жоқ.
Сирияның батыл жастары сіздерді осы жерден қуып шығатыны сөзсіз”.



















