Мазандаран провинциясының цитрус жемістері Жаңа жыл қарсаңында Иранның солтүстік көршілерінің сұранысқа ие тауары болды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Мазандаранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда ұйымы басшысының орынбасары Моһсен Какуи Жаңа жыл мерекесінде Мазандараннан көрші елдерге, әсіресе Түркіменстан мен Ресейге киви, мандарин және апельсиннің күнделікті экспортының артқанын айтты.
Моһсен Какуидің айтуы бойынша, Мазандаран провинциясынан цитрус жемістері мен киви экспорты осы жылдың 9 айында 30 пайызға өскен.
Какуи биылғы жылдың 9 айында Мазандаран провинциясының кедені арқылы цитрус жемістерін экспорттау көлемі шамамен 21 мың тоннаны құрап, 7 миллион 551 мың долларға жеткенін қуаттады.
Мазандаранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда ұйымының сауда басқармасы басшысының орынбасары осы кезеңде Мазандаран кеденінен шетелге құны 6 миллион 633 мың доллар болатын 11 300 тонна киви экспортталғанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салмағы бойынша 38 пайызға, құны бойынша 40 пайызға артқанын баса айтты.




















