Тәжікстандық бір топ дәрігер Иран Ислам Республикасында білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттырады.
Еуразия Тудейдің Тәжікстан денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша Тәжікстанның медицина саласының мамандары Шираз медициналық университетінің ауруханаларында біліктіліктерін арттырады.
Осыған орай, 7 қаңтарда Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Жамолиддин Абдуллозода бір топ дәрігермен кездесіп, медицина саласында жоғары білікті мамандарды даярлау басшылықтың басты назарында екенін айтты.
Министр: «Сіздерге берілген мүмкіндіктерді кәсіби білімдеріңіз бен дағдыларыңызды шыңдау үшін пайдалануыларыңыз керек. Отанға оралған соң отандық медицинаның дамуына зор үлес қоса аласыздар», — деді.
Тәжікстан Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң басшылығы осы бағытта тұрақты түрде қажеттi шара қабылдануда.












