Иран СІМ өкілі Исмаил Бақайи Жозеф Аунды Ливан Президенті болып сайлануымен, сондай-ақ Ливан Үкіметі мен халқын, осы елдегі барлық саяси топтар мен партияларды құттықтады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агентттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Исмаил Бақайи ливандық топтар мен партиялардың көпшілігінің ортақ келісімінің нәтижесі болған бұл сайлауды бүкіл Ливан үшін жетістік деп атады.
Бақайи президенттің сайлануы ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтып, ілгерілеу мен өркендеу жолын жеңілдетуге, алдағы қиындықтар мен мәселелерді, соның ішінде экономикалық мәселелерді еңсеруге, Израиль режимінің қатыгез басқыншылығы салдарынан туындаған қирандыларды қалпына келтіруге, сондай-ақ ұлттық егемендік пен аумақтық тұтастықты басқыншылық режимнің қауіп-қатері мен шабуылдарынан қорғауда көмектесетініне үміт білдірді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иран мен Ливан арасындағы тарихи байланысқа тоқталып, Иранның Ливанмен барлық салада қарым-қатынасты дамытуға дайын екенін қуаттады. Сонымен қатар, Бақайи жаңа президентке сәттілік тіледі.
Қаңтардың 9 күні Ливан парламенті екінші турда ел президенті қызметіне армияның бас қолбасшысы Жозеф Аунды сайлады. Ливанда екі жылдан астам уақыт бойы президент болмады.
















