Қазақстанда өндірілетін дрондар елдің ішкі нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де экспортталатын болады.
Еуразия Тудейдің ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Yesil Technology Company компаниясы Алматы облысында жоғары технологиялық дрондар шығаратын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр.
Жобаны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Kazakh Invest» АҚ қолдауымен жүзеге асыру көзделген.
Бүгін ҚР АШМ өкілдері мен инвесторлар арасында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы мен экономиканы әртараптандыруды қолдауға бағытталған жобаның құны шамамен 12 миллион АҚШ долларын құрайды. Өндірістік процеске халықаралық тәжірибесі бар жетекші инженерлер мен қазақстандық мамандар қатысады.
















