Иран мен Ресей банктері арасында жасалған ақша келісімі күшіне енді.
Иранның Орталық банкінің төрағасы Мохаммад Реза Фарзин Иран мен Ресей арасындағы ақша келісімі күшіне еніп, екі елдің валюталары коммерциялық валюта нарығындағы келісілген бағам негізінде есеп айырысуға негіз болғанын мәлімдеді.
Иранның Орталық банкінің төрағасы Мохаммад Реза Фарзин: «Иран мен Ресей арасындағы ақша келісімі күшіне еніп, екі елдің валюталары коммерциялық валюта нарығында келісілген бағам негізінде есеп айырысуға негіз болды»,-деді.
Иран мен Ресей арасындағы жүзеге асырылған келесі маңызды бір жоба “Мир” және “Шетаб” картасымен төлем желілерін қосу болды. Оның бірінші кезеңі іске қосылды.
Иран мен Ресейдің орталық банктері арасындағы үш негізгі тақырып бойынша бірлескен іс-қимыл құжаты, атап айтқанда «Екі ел арасындағы саудада ұлттық валюталарды пайдалану», «Екі елдің банктік және жергілікті мессенджерлері SEPAM және SPFS-ті қосу мүмкіндігі», «Екі елдің карточкалық төлем желілерін қосу мүмкіндігі» іске қосылды.















