Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы, Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты Ашхабадта өтетін “Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының” форумына шақырды.
Еуразия Тудейдің TDH агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Гурбангулы Бердімұхамедов телефон арқылы сұхбат барысында биылғы жылдың Түркіменстан үшін барлық жағынан маңызды жыл екенін айтты.
Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысының айтуынша, биыл бейтараптықтың 30 жылдығы.
Сондай-ақ, Түркіменстанның бастамасымен 2025 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы “Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы” деп жариялады.
Осыған байланысты Түркіменстанның жаһандық және аймақтық дамудың маңызды мәселелеріне көзқарастарын көрсететін биылғы жылға арналған іс-шаралар мен басымдықтар тұжырымдамасымен қатар, Түркіменстанда, көпжақты алаңдарда, БҰҰ-да және басқа да халықаралық ұйымдарда өтетін ірі халықаралық іс-шараларды өткізу жоспары әзірленді.
Ведомствоның хабарлауынша, Гурбангулы Бердімұхамедов Садыр Жапаровтың жеке қатысуы шараның сәтті өтуіне маңызды үлес болатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде Садыр Жапаров Түркіменстан халқының Ұлттық көшбасшысын кез келген қолайлы уақытта Қырғыз Республикасына келуге шақырды.
“Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының” форумы ағымдағы жылдың желтоқсан айында Ашхабадта өтеді.
















