Иран Президентінің бірінші орынбасары Ареф Тегеран-Минск арасындағы дамып келе жатқан саяси және экономикалық байланысқа тоқталып, ИИР-ның екі ел арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты арттыруды құптайтынын мәлімдеді .
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша дктор Мохаммад Реза Ареф бейсенбі, қаңтардың отызы күні кешке Алматыда Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің отырысы аясында Беларусь Премьер-министрі Роман Головченкомен кездесуде саммиттер мен Еуразиялық одақ сияқты аймақтық және халықаралық ұйымдар аясындағы мүмкіндіктерді сауда-экономикалық ынтымақтастықты, әсіресе аймақ елдерінің жеке секторындағы серіктестікті арттыру үшін жақсы пайдалану керек екенін айтып: «Иран саяси, мәдени және тарихи ортақтастықтары бар елдермен жан-жақты байланысты нығайтуға бейілді»,- деді.
Иранның вице-президенті сонымен қатар екі мемлекеттің бірлескен ынтымақтастық комиссиясын өзара келісімдерді қадағалап, жүзеге асыру үшін нығайтып, белсенді ету қажеттігін баса айтты.
Ареф: «Екі ел арасындағы сауда байланыстары тұрақты болуы үшін жеке сектордың рөлі өте маңызды. Екі тарап та екі елдің жеке секторының жұмыс істеуі үшін негіздерді белсенді етуі керек. ИИР өзінің оқыған жастарына арқа сүйеп, іргелі ғылымдарға негізделген компаниялар мен жаңа технологиялар саласында жақсы тәжірибеге қол жеткізді. Біз іргелі ғылымға негізделген компанияларымыздың құнды тәжірибесімен Беларусьпен алмасып, тасымалдауға әзірміз»,- деді.
Беларусь Премьер-министрі Роман
Головченко да осы кездесуде Еуразиялық одақтың мүмкіндігін мүше мемлекеттердің байланысын жақсарту үшін пайданалану керектігін айтып: «Беларусь-Иран ынтымақтастығының ортақ комиссиясы табысты өтті. Екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық алмасулар саяси жоғары қарым-қатынас деңгейінде арту керек», — деді.
Ол сонымен қатар Иранның Еуразиялық одаққа бақылаушы мемлекет мәртебесін алуымен құттықтап: «Иран Ислам Республикасы Еуразиялық одақтағы құзырымен осы ұйымға экономикалық және саяси тұрғылардан айтарлықтай көмектеседі», — деді.
Айта кетейік, Иран Президентінің бірінші орынбасары Мохаммад Реза Ареф қаңтардың 31 күні Алматыда өтетін Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келді.
















