Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Тегеранда Казим Ғарибабадимен кездесуде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік шеңберіндегі серіктестікке қатысты пікір алмасты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Тегеранда Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) Жоғары деңгейдегі комитетінің 1-ші отырысы аясында ИИР Сыртқы істер министрінің құқықтық пен халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Казим Ғарибабади мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың кездесуінде тараптар БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ИЫҰ, ЭЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, әлемдік саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік шеңберіндегі серіктестікке қатысты пікір алмасты.
Ғарибабади Ә. Бақаевпен өткен кездесу жөнінде Х платформасында былай деп жазды: “Қазақстан СІМ орынбасары Әлібек Бақаевпен кездесуде ЭЫҰ-ның мүмкіндіктерін көбірек пайдалану, халықаралық ұйымдарда көбірек серіктестік пен әрекеттестік жасау, халықаралық саясат тағайындаушы органдарды екі елдің кандидатуралары мен мүшелігіне қолдау көрсету сияқты бірқатар тақырыпты талқыладық”.
















