Иран армиясы қолбасшысының орынбасары Хабиболла Сайяри қорғаныс техникасының 90 пайызы ел ішінде өндірілетінін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран армиясы қолбасшысының үйлестіру жөніндегі орынбасары Хабиболла Сайяри бейсенбі күні Иран қарулы күштері барлық қорғаныс қажеттіліктерін қанағаттандыра алатынын баса айтты.
Сайяридің айтуынша, Иран бұдан былай шет елдерден қару тасымалдамайды.
Хабиболла Сайяри жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, төрт әскери салада шығарылатын әскери және қорғаныс қаруларының түрлерін атап: “Иранның құрлық күштері қарудың барлық түрін шығарады.
Елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері радарлар мен қорғаныс жүйелерінің әр түрін шығарады.
Әскери-әуе күштері ұшақтардың бірнеше түрін шығарса, әскери-теңіз күштері зымыран тасығыштарын, эсминецтерді және сүңгуір қайықтарды шығарады. Дрондар мен кибержүйелердің барлық түрін жасау үшін заманауи технологияларға қолжетімділік мүмкіндіктері де бар”,- деді.
Хабиболла Сайяридің бұл мәлімдемесі Иранның бұдан былай шетел қару-жарақтары мен оның құрамдас бөліктеріне мұқтаж еместігін білдіреді.
















