Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гросси Иранның уран байытудағы жылдамдығын өте шынайы қабылдау керек деген уәж айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Рафаэль Гросси Иранның ядролық бағдарламасы туралы жан-жақты есеп Басқарма кеңесінің тоқсан сайынғы наурыз айындағы отырысынан кейін жарияланатынын айтты.
АҚХА-нің бас директоры Рафаэль Гросси кеше жұма күні: «Иранның ядролық бағдарламасымен байланысты келісімге жететін уақыт аяқталып қалды.
Американың жаңа Үкіметімен тиісті саяси келіссөз әлі жүргізілген жоқ. Иран үшін арнайы өкілдің тағайындалуын күтіп жүрміз.
Уақытты босқа кетірмей, қайтадан Иранға басты назарды аударуымыз керек» — деді.
Гросси Рейтер агенттігіне Иранның ядролық келісімін жандандыруға қатысты айтқан сөзінде: «Мен уақыт аяқталып барады деп ойлаймын. Бірақ бұл біз оны жылдам жүзеге асыра алмаймыз деген мағынада емес. Атом агенттігі барлық мәлімет пен элементтерге ие. Дегенмен бұл тақырып саясатқа тірелгенде үкіметтермен байланысты болады», — деді.
АҚХА Бас директоры Иран туралы жан-жақты есеп Басқарма кеңесінің наурыз айындағы алдағы отырысынан кейін жариялануы мүмкін екенін, себебі бұл есептің дәл қазір мұның алдында ұсынылған есептерден аса көп құны жоқ екенін айтты.
Ол Иранның 60 пайызға дейін байытылған уран қорының Агенттіктің келесі есебіне дейін шамамен 250 кг-ға жететінінін қуаттап, сондықтан Иранның уран байытудағы жылдамдығын өте шынайы қабылдау керек деген уәж айтты.
















