ІІІ Каспий экономикалық форумға қатысушы ресми тұлғалар Иранмен сауда байланысын нығайтуға ниет білдірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Президентінің бірінші орынбасары Мохаммад Реза Ареф Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Ареф 2025 жылдың 17–18 ақпанында Тегеранда өткен Үшінші Каспий экономикалық форумы аясында шараға қатысушы жоғары лауазымды өкілдермен бейресми кездесу өткенін, кездесуде Әзірбайжан, Түркіменстан, Қазақстан, Тәжікстан Премьер-министрлері және Ресей Премьер-министрі орынбасарының Иранмен сауда байланысын нығайтуға ниет білдіргендерін айтты.
Мохаммад Реза Ареф кеше, сәрсенбі күні жариялаған жазбасында бейресми кездесудің Саадабад кешенінің дәстүрлі шайханасында өткенін айтып: “Каспий экономикалық форумы осы шараға қатысушы ресми тұлғалармен бейресми келіссөздер жүргізу үшін жақсы мүмкіндік болды.
Мен форумның ресми түрде ашылуына дейін Саадабад шайханасында Әзірбайжан, Түркіменстан, Қазақстан, Тәжікстан Премьер-министрлері және Ресей Премьер-министрінің орынбасарымен сөйлестім. Олардың барлығы Иранмен сауда байланысын нығайту қажеттігін қуаттады. Сондай-ақ, олар Иранның ғылыми-техникалық жетістіктерінің көрмесі туралы сөз қозғап, осы салада тығыз ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты”, -деді.
















