Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Йоханнесбургте G20 Сыртқы істер министрлері кеңесі аясында кездесіп, кеңесті.
Еуразия Тудейдің Ресей СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша министрлер 20 ақпанда өткен кездесуде екіжақты күн тәртібінің негізгі аспектілері, соның ішінде сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық перспективалары бойынша «сағат теңестірді».
Кездесуде сонымен қатар халықаралық және өңірлік кейбір мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Сириядағы жағдайды одан әрі тұрақтандыру бойынша екі елдің күш-жігерін үйлестіруге ерекше назар аударылды.
Лавров түркиялық әріптесіне Эр-Риядта өткен ресейлік-америкалық байланыстың нәтижелері туралы хабарлады.
Түркия мен Ресей Сыртқы істер министрлері мұның алдында ақпанның алтысы күні телефон арқылы байланыста Сирия жағдайы мен Украина дағдарысы туралы кеңескен болатын
Тараптар екіжақты, аймақтық және халықаралық, соның ішінде Таяу Шығыс пен Украина мәселелері бойынша байланысты жалғастыруға келіскен болатын.












