БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін айналып өтіп Иранға, Ресейге немесе кез келген басқа елге қарсы қабылданған санкциялар заңсыз болып табылады.
Еуразия Тудейдің “Известия” басылымына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы кеше, 25 ақпан күні Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді.
Захарова: “Біздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін айналып өтіп қабылданған барлық санкцияға деген реакциямыз бірдей. Олар заңсыз, еш құқығы жоқ және заң шеңберінен тыс. Батыс оларды Иранға, Ресейге және басқа елдерге қарсы қолданады. Реакция біреу ғана”,- деді.
Ресей СІМ өкілі Мәскеу мен Тегеранның бұл мәселеде біртұтас екенін және тәжірибе бұны дәлелдегенін баса айтты.
Захарова Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Иран СІМ басшысы Аббас Арақчидің кездесуі сияқты екі ел арасындағы байланыс әрдайым журналистер арасында үлкен қызығушылық тудыратынын және аймақтағы жағдайдың да бұған ықпал ететінін айтты.
Ресей СІМ өкілі екі елдің сыртқы істер министрлері келіссөздер барысында Мәскеу мен Тегеран арасында жасалған келісімді талқылағанын да тілге тиек етті.
Захарованың айтуынша, Лавров ирандық әріптесі Арақчимен кездесуінде Путин мен Пезешкиан қол қойған екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы келісімнің егеменді мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қалай құру бойынша ерекше үлгі екенін мәлімдеген.
Ресейдің Ирандағы Елшісі Алексей Дедов та 12 ақпан күні Ресей мен Қытайдың қатысуынсыз Иранның ядролық келісімі бойынша келіссөздерде оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмайтынын айтқан болатын.



















