Иранның қолөнер бұйымдарының экспорты 224 миллион долларға жетті.
Еуразия Тудейдің Иранның Кеден қызметі келтірген мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша, биылғы жылы Иран қолөнер бұйымдарының ресми экспортының көлемі 224 миллион долларды құрады. Сонымен қатар, бейресми экспорттан да шамамен дәл осындай сома түскен.
Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі Реза Салехи Амири сәрсенбі күні министрлер кабинеті отырысының қорытындысы бойынша журналистерге Үкіметтің дәстүрлі қолөнер бұйымдарды экспорттаудағы кедергілерді жоюға күш салып жатқанын мәлімдеді.
Министр елінің қолөнер саласы дамудың жаңа деңгейіне көтерілгенін, оның болашағы жарқын екенін айтты.
Салехи Амиридің айтуынша, Дүниежүзілік қолөнер кеңесі төрағасының Иранды “қолөнер бұйымдарының жұмағына” теңеуі ирандық шеберлер бұйымдарының жоғары құндылығы мен халықаралық деңгейдегі тартымдылығын көрсетеді.
















