Қызыл крест халықаралық комитеті Газа секторында жүздеген мың отбасының кедейліктің шегінде өмір сүріп жатқанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Газа секторындағы Қызыл крест халықаралық комитетінің ақпарат өкілі кеше, наурыздың он бірі, сейсенбі күні осы секторда палестиналық жүздеген мың отбасының кедейшіліктің шегінде өмір сүріп жатқанын, осы аймақта гуманитарлық дағдарыс қабылдауға келерліктей төмендемегенін айтты.
Ол Израильдің Газа секторына гуманитарлық көмектің максималды көлемін ешбір кедергісіз енуіне рұқсат беруі керек екенін айтып: «Газа секторында атысты тоқтату бітімін жалғастыру маңызды. Біз осы аймаққа азық-түлік пен ас пісіру үшін газдың енгізілуіне мұқтажбыз. Біз адамдардың азық-түлік тапшылығы салдарынан жан тапсырғандарын қаламаймыз. Осы аймақта жағымды өзгерістер болуы үшін Газа секторындағы адамдардың қажеттіліктерін қанағатандыруды сұраймыз», — деді.
















