Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға хат жолдап, Наурыз мерекесімен құттықтады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Пезешкиан жолдауда: «Тәжікстан Республикасының құрметті Президенті мен халқын табиғаттың қайта жаңғырып, жақсы болашаққа үміттенетін мезгілі – ежелгі Наурыз мерекесінің келуімен және хижраның 1404 жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.
Көктем – табиғатта күн мен түн теңесетін, мейірімділіктің, жанашырлықтың және сергектіктің бастауы. Жаңа жылда екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен халықтарымыздың өміріндегі тамаша өзгерістерге куә боламыз деп үміттенемін.
Алла Тағаладан Сізге зор денсаулық, табыс, Тәжікстан Республикасы халқының амандығы мен бақытын, сондай-ақ Наурыз өркениетінің елдері арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың одан әрі дамуын тілеймін» деп жазылған.
















