Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи Вашингтон Ислам Республикасында бүлік шығаруға тырысса, тиісті жауап алатынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Әли Хаменеи бұл туралы Ораза айт мерекесіне арналған уағызында мәлімдеді.
Хаменеи сөзінде: “Біз АҚШ-тың сырттан зұлымдық жасауы екіталай деп ойламаймыз. Бірақ, олар мұны істесе де, біздің жауабымыз қатал болады. Егер олар кенеттен ел ішінде бүлік шығаруды жоспарласа, Иран халқы оларға жауап береді”, — деді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп 30 наурыз күні Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзде ілгерілеушілік болмаса, екі аптадан кейін Иранға екінші рет баж салығын енгізетінін айтты.
Мұның алдында да Трамп Ислам Республикасы келісімге қол қоюдан толық бас тартқан жағдайда бұрын-соңды болмаған бомбалауға тап болатынын айтып, сес көрсетті.
Айта кетейік, АҚШ Президенті Дональд Трамп 7 наурыз күні Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Иранның діни жетекшісі аятолла Әли Хаменеиге Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөз жүргізу туралы ұсыныс жасап, хабарлама жібергенін жазды.
27 наурызда Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Трамп хатына Оман арқылы жауап қайтарылғанын хабарлады.
Иран Президенті Масуд Пезешкиан АҚШ Президенті Дональд Трамптың хатына берілген жауапта Тегеранның тікелей келіссөзден бас тартатыны туралы және араағайын елдер арқылы диалогты жалғастыру мүмкіндігі бар екендігін мәлімдеді.



















