Оңтүстік Кореяда кезектен тыс президенттік сайлау 3 маусымда өтеді.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Оңтүстік Кореяда президенттік сайлау күні бекітілген жағдайда, үміткерлер өтініштерін 11 мамырдан кешіктірмей тапсыруы тиіс.
Сайлау науқаны 12 мамырда басталады.
Оңтүстік Кореяда қызметінен шеттетілген бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің орнына жаңа президентті 3 маусымда сайлайды.
Yonhap басылымының хабарлауынша, бұл күні Президент міндетін атқарушы Хан Док Су президент кандидатын ертең, сейсенбі күнге жоспарланған Министрлер кабинетінің отырысында бекітеді деп күтілуде.
Оңтүстік Корея заңына сәйкес, президенттік сайлау президент қызметінен кеткен соң 60 күннен кейін өткізілуі тиіс.
Оңтүстік Кореяда президенттік сайлау күні бекітілсе, үміткерлер өтініштерін 11 мамырдан кешіктірмей тапсырып, 12 мамырдан бастап сайлауалды науқанын бастау керек.
Жаңа президент 3 маусымда өтетін сайлаудан кейін қызметіне кіріседі.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль 2024 жылдың 3 желтоқсанында ел көлемінде әскери жағдай жариялады. Алайда, бұл шешім парламентте дауыс беру арқылы күшін жойды.
Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты 4 сәуір күні президент Юн Сок Ёльға импичмент жариялау ісі бойынша шешім шығарып, оны қызметінен босатты.



















