Еуропа Одағы келесі аптаның сейсенбі күнінен бастап америкалық тауарларға 25 пайыздық қарымта салық салатынын жариялады.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша кеше сәрсенбі күні металлдар саласындағы америкалық тауарларға 21 миллиард евро салық салатынын мәлімдеді.
Bloomberg TV төтенше хабарында Еуропа Одағынының комиссиясы осы одақ мемлекеттерінің алдағы аптаның сейсенбі күні, сәуірдің он бесінен жүзеге асырылуы тиіс Америка тарифтеріне қарсы өзінің алғашқы қарымта шарасын қолдайтынын мәлімдегенін хабарлады.
Еуропа комиссиясы осы тұрғыда алдағы аптаның сейсенбісінен бастап Америка тауарларына 25 пайыздық салық салатынын мәлімдеді.
Еурокомиссияның мәлімдемесінде: “ЕО елдері АҚШ-тың болат пен алюминий импортына салатын тарифтеріне қарсы қарымта шаралар туралы келісті” деп жазылған.














