Ресей Федерациясы Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік пен Иран арасындағы диалогты қолдайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Михаил Ульянов елінің агенттіктің бас директоры Рафаэль Гроссидің Тегеранға сапарының мүмкіндігінше сәтті болғанын қалайтынын айтты.
Ульянов Telegram-арнасында: “Ресей АҚХА пен Иран арасындағы диалогты толығымен қолдайды. Сонымен қатар Гросси сапарының мүмкіндігінше сәтті болғанын қалайды”, — деп жазды.
Айта кетейік, АҚХА бас директоры Рафаэль Гросси кеше, сәрсенбі күні Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелер бойынша ирандық жоғары лауазымды тұлғалармен келіссөздер жүргізу үшін Тегеранға екі күндік сапармен келді.
Гроссиді әуежайда Иранның Атом қуаты ұйымының вице-президенті әрі баспасөз хатшысы Беһруз Камалванди қарсы алды.
АҚХА бас директоры Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи және осы елдің Атом қуаты ұйымының басшысы Мохаммад Исламимен кездесіп, келіссөз жүргізеді.
Гросси мұның алдында Тегеранға 2024 жылдың қараша айында келген.
АҚХА, Иран, Диалог, Ресей, Ядролық бағдарлама












