Нидерланды Үкіметі Еуропалық Одақтың Израиль режимімен серіктестік келісімін қайта қарау туралы ұсынысын ілгерілету үшін қажет қолдауға ие болды.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Нидерланды Еуропалық Одақ пен Израиль режимі арасындағы келісімді қайта қарау туралы ұсынысына жеткілікті қолдау тапты. Бұл Тель-Авивтің Брюссельмен экономикалық және саяси қарым-қатынасын түйткілге ұшыратуы мүмкін бұрын-соңды болмаған қадам саналады.
Бұл ұсынысты Еуропалық Одақтың 17 елі қолдап, Еуропалық Одаққа мүше 9 мемлекет қарсы болды. Осыған байланысты Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Кая Каллас Еуроодақ Израильмен ынтымақтастық келісімін қайта қарайтынын айтты.
Нидерланды ұсынысы дамыса, осы шолудың нәтижелері 27 мүше мемлекеттің өкілдерінен тұратын Еуропалық Одақ Кеңесіне ұсынылады. Келісімді толық көлемде тоқтата тұру үшін толық консенсус қажет, бірақ оның бір бөлігін, соның ішінде еркін саудаға қатысты бөлігін де тоқтата тұру үшін 14 елдің жақтаған дауысы ғана жеткілікті болады.
Бұған дейін ақпарат құралдары Нидерланды Үкіметінің сионистік режимге қысымды күшейту және Еуроодақтың осы режиммен қарым-қатынасын қайта қарауға шақыру үшін ЕО-ға мүше басқа елдердің қолдауын тартуға күш салуды көздеп отырғанын хабарлаған болатын.
Бұл шара Батыс елдері Израиль армиясын Газа секторындағы әскери операцияларына қатысты қатаң сынағаннан кейін жасалып отыр.
Нидерландының бұл ұсынысын адам құқықығын қорғау ұйымдары кең қолдағанымен, оны жүзеге асыру оңай емес. Өйткені Германия бұл қайта қарауға қарсы. Еуропалық Одақ ішінде Палестина мәселесіне қатысты келіспеушілік бар.
Алайда, осы хабарларға сәйкес, ЕО-на мүше елдердің көпшілігі сионистік режимнің Еуроодақ пен Израиль қауымдастығы келісімінің 2-бабында көрсетілген адам құқықтары жөніндегі міндеттемелеріне табанды болуын қайта қарау өтінішін қолдауы мүмкін еді.
Нидерланды Израиль режимінің үш айға жуық уақыт бойы жалғасып келе жатқан блокада арқылы халықаралық гуманитарлық құқық негізіндегі міндеттемелерін бұзғанын баса айтты. Біріккен Ұлттар Ұйымы да Газада жаппай ашаршылық болып жатқанын ескертті.
Мұның алдында Еуроодақтың бір дипломаты: «Бұл сыртқы және қауіпсіздік саласындағы ортақ саясаттағы ең күрделі мәселелердің бірі. Бұл жерде көптеген маңызды мәселе бар» деп айтқан болатын.
Нидерландының өтінішін алдымен осы елдің Сыртқы істер министрі Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Кайя Калласқа 6 мамыр күнгі хатта жазды. Испания мен Ирландия да былтыр осындай өтініш жасағанымен жеткілікті қолдауға ие бола алмады. Дегенмен, бұл жолы Франция, Португалия, Финляндия және Швеция сияқты елдер Нидерландының бастамасын ашық қолдады.












