Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздердің бесінші кезеңі мамырдың жиырма үші, жұма күні өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи Тегеранның Оманның АҚШ-пен жанама келіссөздердің келесі кезеңін өткізу туралы ұсынысына келіскенін айтты.
Бақайидың айтуынша, келіссөздер барысында Иран делегациясы халқының заңды құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және уран байыту құқығын қорғауға беріктігін білдіріп, әділетсіз санкцияларды жоюға ұмтылады.
Сонымен қатар, Иран СІМ өкілі Тегеранның осы мақсаттарға жету үшін бар мүмкіндік пен бастаманы жіберіп алмайтынын қуаттады.
Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздердің бесінші кезеңі Италия астанасы Римде өтеді.
Айта кетейік, Иран мен АҚШ Оманның қатысуымен 12 сәуір күні жанама келіссөздерді бастады.
Келіссөздердің екінші кезеңі 19 сәуірде Италия астанасы Римде, үшінші кезеңі 26 сәуір күні, төртінші кезеңі 11 мамырда Оманда өтті.



















