Иран 23 жаңа фармацевтикалық өнімін таныстырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранда денсаулық сақтау және фармацевтика саласында маманданған Barekat компаниялар тобы әзірлеген 23 жаңа фармацевтикалық өнімнің тұсауы кесілді.
Аталмыш салтанатты шараға Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі қатысты.
Бұл препараттардың өндірісін іске қосу Иран импортын 43 миллион АҚШ долларына дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ұсынылған өнімдердің көпшілігі бұрын Иран нарығында тапшы және оларға қол жеткізу қиын болған. Бүгінде Иран ішкі өндірісті дамыту арқылы осы салада өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізді.
Бұл науқастардың дәрі-дәрмектерге қолжетімділігін арттырып, импортқа тәуелділікті азайту жолында жасалған маңызды қадам болып табылады.
Осы іс-шарада таныстырылған жаңа өнімдердің қатарында қатерлі ісікке қарсы препараттар бар. Бүгінде Иранда гефитиниб, золедрон қышқылы, абиратерон, плериксафор, гемцитабин, регорафениб және мацитентан сияқты дәрілер шығарылады.
Жүрек-қан тамырлары препараттары. Бұл санатта индапамид және сакубитрил/валсартан бар.
Неврология және психиатрия препараттары. Алпразолам, мелатонин, гамма-аминобутир қышқылы және 5-HTP сияқты препараттардың өндірісі іске қосылды.
Қоспалар мен өсімдік өнімдері. Цитруллин малаты, Liver TD, Broncho TD, BTD, TD Power, TD Just, Herbo Mind және Ginkgo TD сияқты өнімдердің кең ассортименті бар.
Вакциналар. Жатыр мойны обыры мен жыныс сүйелдерінің даму қаупін азайтуға көмектесетін адам папилломавирусын (HPV) алдын алу үшін Gardisan вакцинасы әзірленді.
Жасуша терапиясы. WhartoCell және LaViCell өнім ұсынылған.
Ауырсынуды басатын дәрілер мен операциялық бөлмелерге арналған препараттар. Қазіргі уақытта ропивакаин мен майлау гелі шығарылады.
Фармацевтикалық шикізат. Дезлоратадин және прегабалин секілді отандық препараттар мен басқа да өнімдер.
Бұл жаңа фармацевтикалық өнімдер Иранның фармацевтикалық тәуелсіздігін айтарлықтай нығайтып, ел тұрғындары үшін маңызды дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін жақсартады.
















