Кабул жақын арада сусыз қалатын бірінші қала болуы мүмкін.
Еуразия Тудейдің The Guardian газетіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша соңғы онжылдықта Кабулдың сулы горизонттарындағы су деңгейі 30 метрге төмендеп, қаладағы құдықтардың жартысына жуығы кеуіп қалған. Бұл үдеріс жалғаса берсе, бес жылдан кейін барлық сулы горизонттар құрғауы мүмкін.
Mercy Corps үкіметтік емес ұйымының есебіне сәйкес, су көлемінің азаюына климаттың өзгеруі және жылдам урбанизация себеп болған.












