Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 16-17 маусым күндері Қазақстанға келеді.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.
17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді.












